RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ БҰҰ-ның Газа қарарына қарсы

19.09.2025, 10:56 393

АҚШ БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Газа секторына бітім орнатуды көздеген қарарын қолдамады. Жобада Газадағы қақтығысты дереу тоқтату және барлық тұтқындарды босату талаптары көрсетілген.

Сондай-ақ гуманитарлық көмекті жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастау талап етілген. Резолюцияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің 14-і қолдады. Жалғыз қарсы дауыс берген тарап – АҚШ. Ресми Вашингтонның айтуынша, мұндай құжат қазіргі дипломатиялық әлеует пен келіссөздерге кері әсер етеді. Жаңа құжатты 10 уақытша мүше ел ұсынған. Бұған дейін олар қақтығысты тоқтатуға қатысты өзге де мәселелерді көтерген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz