Дональд Трамп АҚШ-тың Ауғанстандағы ірі әскери базасы Баграмды қайтарып алғысы келеді. Мұны Ұлыбританияға барған сапарында айтты. Ақ үй басшысы, әскери база Қытайға жақын орналасуы себепті стретегиялық маңызға ие дейді. Нысан Қытайдың ядролық қару шығаратын аймақтарынан бір сағаттық жерде орналасқан. Ал АҚШ әскері Баграм әуе базасын 20 жыл бойы пайдаланып, 2021 жылы бұл аймақтан кеткен.
Ел астанасы Кабулдан 60 шақырым қашықта орналасқан бұл әуежай Ауғанстандағы америкалық әскердің басты әрі ең ірі тірегі саналатын. АҚШ бұл әуе базасын кезінде үн-түнсіз тастап кеткен. Тіпті жергілікті билік те бұдан хабарсыз болған. Трамп Байденнің бұл базадан бас тартқанына наразы еді. Ал биыл АҚШ тәліптермен жаңа келіссөздер жүргізуді бастады. Алайда америкалық шенеуніктердің пікіріне сүйенсек, Кабул билігі келісім берген күннің өзінде, базаға лаңкестік топтар тарапынан төнетін қауіп көп. Сондай-ақ нысан жұмысын қайта жандандыру үшін миллиардтаған қаражат қажет. Сосын 10 мыңнан астам сарбазды қайта жасақтау керек.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Ауғанстаннан кетеміз.. Бірақ абыроймызға нұқсан келтірмейтіндей кетеміз. Әскери әлеуетімізді көрсетіп, Баграмды сақтап қаламыз. Біз оларға жайдан дай беріп қойдық. Ал енді оны қайтаруға әрекет жасап жатырмыз. Оны сақтап қалғымыз келеді. Түпкі мақсатамыз - Қытайдың ядролық қаруларынан қорғау.
Трамп билікке келгелі біраз аймаққа көз салды. Ол осыған дейін, Панама каналынан бастап Гренландияға дейінгі аумақтар мен нысандарды иеленгісі келетінін айтқан. Ал Баграмда кезінде 100 мың америкалық әскер орналасқан. АҚШ-тың ең атышулы түрмелері де осында болған.
Тегтер #Трамп #әскери базаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz