Ол аймақ елдерімен академиялық және мәдени ынтымақтастыққа арналған алаңға айналмақ.
Бұл туралы Чулалонгкорн Корольдік университетінде алғаш рет Орталық Азия күнін атап өту кезінде белгілі болды. Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Таиландтың Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған мерекелік іс-шараға шамамен 300 адам қатысты. Мұнда Қазақстанның екі павильоны ашылды. Қонақтар еліміздің туристік әлеуеті, ұлттық мұрасы және салт-дәстүрімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Айта кету керек, Чулалонгкорн университеті – Таиландтағы ең ірі ұлттық зерттеу орталығы. Білім мекемесі халықаралық рейтингілерде жоғары көрсеткіштерге ие.
Тегтер #Таиланд #Орталық АзияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz