АҚШ пен Қытай басшылары алдағы уақытта Оңтүстік Кореяда кездеспек, деп хабарлайды 24kz.
Мұны Президент Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оңтүстік Кореяның Кёнджу қаласында 31 қазанда Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының саммиті өтуі тиіс. Екі жақ осы жиын аясында бас қоспақ. Ақ үй басшысының айтуына қарағанда, ол Си Цзинпиньмен телефон арқылы сөйлесіп, сауда-саттық және Украина дағдарысы бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді. Сондай-ақ президент Трамп келер жылдың басында Қытайға баратынын атап өтті.
Тегтер #АҚШ #Қытай #Дональд Трамп #Си ЦзиньпинPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz