RU
Толық нұсқаға өту

Қазақтың астығына сұраныс артты

20.09.2025, 09:12 436

Қазақстанның май өндірушілері 2050 жылға қарай Орталық Азия нарығына 2 млн тонна май өнімдерін экспорттауды көздеп отыр.

Қазіргі көлем 750 мың тонна шамасында. Дүниежүзілік банктің есебінше Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінде күнбағыс майына деген сұраныс жыл сайын арта бермек. Сондай-ақ Қазақстанның астығына да биыл көрші елдер тарапынан қызығушылық жоғары. 

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін мұндай басқосудың мәні бөлек. Кәсіпкерлер жаңа нарық көзін іздейді. Сенімді серіктес табады. Ең бастысы тиімді келісімшарт жасауға мүмкіндік алады.

Алишер Махмудов, Астық тасымалдау компаниясының басшысы:

- Әр өзбек отбасының дастарханындағы нан Қазақстанның сапалы ұнынан жасалған. Себебі көрші елдің ұны брендке айналған. Ірі нан өнідушілерден бастап, үй шаруасындағы әйелдерге дейін сапалы өнімді қалайды. Биыл Қазақстаннан 150-ге жуық ірі өндіруші келді.

Өзбекстан жыл сайын біздің елден 4 млн тоннаға жуық бидай сатып алады. Мамандардың айтуынша, биылғы көрсеткіш сол шамада болмақ. Мұнымен қоса Қазақстанның май өнімдеріне да сұраныс артқан. Дүниежүзілік банк жүргізген зерттеулер көрсеткендей 2050 жылға қарай Орталық Азия елдерінің май өнімдеріне деген жылдық сұранысы 2 млн тоннаға таямақ.  

Андрей Антонов, Қазақстан май өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры:

- Климаттық жағдайларға байланысты Өзбекстан өзін май өнімдерімен қамтамасыз ете алмайды. Демек импортқа тәуелді. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, өнімдерімізді Өзбекстанға сатамыз. Негізінен шемішке майы мен малға берілетін жоғары сұрыпты қоспаларды экспорттаймыз. Жалпы өткен жылы Қазақстан 750 мың тонна май өнімдерін сатты. Алдағы уақытта көрсеткішті көбейту жоспарланып отыр.

Қазақстандық өндірушілер үшін тағы бір тартымды нарық - Ауғанстан. Кәсіпкерлер бұл елге бидай мен май өнімдерінің тасымалын арттыру мәселесін талқылап, жаңа нарық көзін қамтамасыз етудің тиімді жолдарымен тарнысты. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz