АҚШ президенті Дональд Трамп 25 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Ақ үйде қабылдайтынын мәлімдеді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда және қорғаныс саласындағы маңызды келісімдер, соның ішінде Boeing ұшақтарын және F-16 жойғыш ұшақтарын сатып алу мәселесі талқыланбақ. Трамп Ердоғанмен қарым-қатынасының жақсы екенін атап өтіп, кездесуден оң нәтижелер күтетінін білдірді.
Айта кетейік, Түркия көшбасшысы Ақ үйге соңғы рет 2019 жылы барған болатын.
Тегтер #Трамп #Ердоған #АҚШ #Түркия #келіссөздерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz