Флорида соты Дональд Трамптың The New York Times басылымына қарсы арызын қараудан бас тартты, деп хабарлайды 24kz.
Бұған дейін Трамп басылымды 2024 жылғы президенттік сайлау алдында беделімді түсірді деп айыптап, моральдық шығын ретінде 15 миллион доллар талап еткен еді. Басылым бұл айыптауды жоққа шығарып, істі тәуелсіз журналистикаға қысым деп бағалады. Трамптың тапсырған 85 беттік арызы сот нормаларына сәйкес келмейтіні анықталды. Енді шағымын қайта тапсыру үшін Трамптың 28 күні бар. Жаңа құжат 40 беттен артық болмауы тиіс.
Тегтер #АҚШ #Дональд Трамп #The New York Times #арызPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz