Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеді.
Бұл шешім Еуропа елдерінің Иранға қарсы БҰҰ санкцияларын қайта енгізуге жауап ретінде қабылданып отыр. Ресми мәлімдемеде ел президенті Масуд Пезешкианның төрағалығымен өткен отырыста өңірлік жағдай мен Израильдің әрекеттері жан-жақты талқыланғаны айтылған. Сондай-ақ 2015 жылғы ядролық келісімге қатысушы елдер – Ұлыбритания, Франция және Германияның Иранға қарсы санкцияларды қайта іске қосуға тырысып жатқаны да баса назарға алынған. Ал бұған дейін АҚШ пен Израиль шабуылдарынан кейін Иран МАГАТЭ инспекцияларын уақытша тоқтатқан еді. Алайда 9 қыркүйекте тараптар тексерулерді қайта жандандыру туралы келісімге келген.
Тегтер #Иран #МАГАТЭ #ынтымақтастық #БҰҰ #санкциялар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz