Сауд Арабиясы Йемен билігін жарылқады. Эр-Рияд 368 млн доллар бөлді. Бұл туралы корольдіктің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Қомақты қаржы бюджет тапшылығын жоюға, мұнай өнімдерін жеткізуге жұмсалады. Бұған Салман бин Әбдел Әзиз патша бастамашы болды. Жалпы Йеменде азаматтық соғыс 2014 жылы басталған болатын. Ұзаққа созылған ұрыстардың кесірінен елде гуманитарлық ахуал нашарлаған. БҰҰ дерегі бойынша Йеменде 24 млн адам, яғни халықтың 80 пайызы ішер асқа зәру.
Тегтер #Сауд Арабиясы #Йемен #бюджет
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz