RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық өнімдер халықаралық нарыққа шықты

22.09.2025, 17:05 378

Әлемге әйгілі Amazon, Walmart маркетплейстері енді қазақ өнімдерін де саудалайды. Осылайша шетелдік маркетплейстерде отандық өнімнің бәсі арта түспек.

Отандық өнімдердің Қытай платформаларында да үлесі артып келеді. Өзіміз де өзгелердің саудасын қыздырудан қалыс қалып жүрген жоқпыз.

«Онлайн сауданың көрігі қызып тұр. Заманына сай адамы. Жұртшылық та қазір қара базарды емес, шетелдік маркетплейстерді жағалайтын болған. Сәйкесінше қалтағада салмақ түспейді. Уақытты да үнемдейміз», - дейді.

Әсел Көпбаева, қала тұрғыны:

- Қазір барлық сауданы шетелдік маркетплейстерден жасаймын. Қытай, Америка маркетплейстерінен аламын. Маркетплейс арқылы уақыт үнемдеймін.

Мөлдір Тұрсынова, қала тұрғыны:

- Шетелдік маркетплейстерден көбіне балалардың киімдерін аламын. Бағасы қолжетімді. Бала тез өседі. Көбінесе Қытайдан, Америкадан балаларға зат аламын.

Отандық тауарлар да шетелдік сауда платформаларын жаулай бастады. Қазақтың азық-түлігіне сұраныс артқан. Біздің өнім Қытай мен Америка маркетплейстерінде танымал. Мәселен, JD.com платформасында отандық брендтердің 44 түрі ашық саудаланады.

Біздің ұн тіпті мұхит асып, АҚШ нарығына шықты. Қазақстандық өнім Amazon, Walmart арқылы онлайн саудаланып жатыр. Онда бір келі қаптамадағы қазақ ұнының бағасы – 14 доллардан асады. Тіпті  шетелдік маркетплейске шыққан бойда 50 тонна ұн сатылып кетті. Енді міндеттілер ай сайынғы межені 100 тоннадан асыруды көздеп отыр. Бұл ғана емес...

Рамазан Сламхан, Америкадағы Qaztrade ресми өкілі:

- Біз тек ұнмен ғана шектелмейміз. Қарақұмық, гранола, шоколад пен талқанды таныстырдық. Нью-Йорк, Вашингтон және Чикаго қалаларына алып келдік. Басты мақсатымыз қазақстандық өнімдерді Америка нарығына шығару және сенімді серіктестермен байланысты күшейту.

Сондай-ақ Қытаймен арадағы сауда-саттық былтыр 44 млрд долларға жеткен. Көрші елмен экономикалық байланыстың қарқыны электрондық сауда көлемінен-ақ көрініп тұр. Ондағы айналым триллион теңгеден асады. Мұндағы нарықта да әсіресе маркетплейстердің бәсі биік.

Берік ахметов, сауда саясатын дамыту орталығының басқарушы директоры

- Қазақстандықтар арасында «Алибаба», «Джейдиком», «Дуин» сияқты платформалар танымал. Негізінен киім, косметика, гаджеттер, смартфондар сатып алады. 2023 жылдан бастап бізде электрондық сауда үлесі 12,7% - дан 14%-ға өсті.

Осылайша онлайн сауда да ел қазынасына көп-көрім пайда әкеліп отыр. Бүгінде маркетплейстерден түсетін салық мөлшері артқан. Қытайдың алпауыт онлайн сауда алаңдарының екеуі салық төлеушілер қатарында. Себебі біздің нарыққа енгісі келген электрондық платформалар Қазақстанда тіркелуге міндетті. Ал міндеттілер жалпы осы маркетплейстерден биыл 50 млрд теңге салық түседі деп жоспарлап отыр.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Асхат Қарақойшы 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz