Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ ол ядролық қарудан ешқашан бас тартпайтынын және санкцияларды жеңілдету үшін арсеналды саудаламайтынын атап өтті.
Кимнің айтуынша, суық қару – елдің қауіпсіздігін қорғаудың бірден-бір кепілі. Бірақ АҚШ пен Оңтүстік Кореяның тұрақты әскери жаттығулары солтүстікке тікелей қауіп төндіріп тұр дейді. Ол сондай-ақ Вашингтон мен Сеулдің соңғы диалог бастауға бағытталған қадамдарын шынайы емес деп бағалады. Оңтүстіктің түпкі мақсаты - елді әлсірету және билікті құлату деп қауіптеніп отыр. Еске сала кетейік, Пхеньян- АҚШ арасындағы бейбіт келіссөздер 6 жыл бұрын санкциялар мен ядролық қарусыздандыруға қатысты келіспеушіліктерден кейін үзілген еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #корея #АҚШ #Ким Чен ЫнPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz