Филиппин астанасы Манилада жаппай наразылық кезінде екі жүзден астам адам ұсталды.
Олардың қатарында кәмелетке толмағандар да бар. Полицияның хабарлауынша, бастапқыда бейбіт өткен шеру кейіннен тәртіпсіздікке ұласты. Қатысушылар құқық қорғаушыларға тас атып, жақын маңдағы нысандарға шабуыл жасаған. Жағдай қалыпқа келгенімен, қала көшелері әлі де қатаң бақылауда. Куәгерлердің айтуынша, наразылыққа су тасқыны зардабын реттеуге бөлінген 17 млрд доллардың жымқырылуы себеп.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ФилиппинPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz