Филиппинде дүлей дауыл соғып, жауын толастар емес. «Рагаса» атты тайфун елдің бірнеше аймағына соққы берген, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін аймақтың солтүстік-шығыс бөлігінде балықшылар қайығы аударылып, кемінде бір адам опат болды. Алты адам іздестіріліп жатыр. Желдің жылдамдығы сағатына 205 шақырымға дейін жеткен. Манила мен бірнеше аймақтағы мектептер уақытша жұмысын тоқтатты. Синоптиктердің айтуынша, қазір дауыл ошағы Қытайға қарай жылжыды. Осыған байланысты Қытай билігі Гуандун мен Хайнань аймақтарында сақтық шараларын күшейтіп жатыр.
Тегтер #Филиппин #дүлей дауыл #Рагаса
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz