Пәкістанда нөсер жауыннан кейінгі су тасқыны салдарынан миллиондаған адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды 24kz.
Мыңдаған гектар егістік алқабын су шайып кетті. Тек Пенджаб провинциясының өзінде 728 мың гектар жер бүлінген, ал фермерлердің есебі бұдан да көп. Залалдың жалпы шығыны бүгінде 3,5 млрд доллардан асады. Елде астық экспорты қысқарып, инфляция үдей түсті. Маусым басталғалы бері тасқыннан мыңға жуық адам қаза тапты. Үй, көпір, жолдар қирап, 6,5 мың мал басы суға кеткен.
Тегтер #Пәкістан #топан су #су тасқыны #фермерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz