Украина Еуропа елдерінің көмегімен бұрынғы территориясын қайтара алады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында осылай деп жазды. Оның айтуына қарағанда, қазір Ресей экономикасының жағдайы мәз емес. Сондықтан Украина бұрынғы жерлерін қайтарып қана қоймай, одан әрі асып түсуі де мүмкін, дейді.
ЦИТАТА: Дональд Трамп, АҚШ Президенті
- Ресей үш жарым жыл бойы соғысып жатыр. Ал нағыз әскери держава үшін мұндай қақтығысты бір аптада аяқтау жеткілікті болар еді. Бұл Ресейдің қуатын емес, әлсіздігін көрсетіп отыр. Мәскеу мен Ресейдің өзге қалаларында жанармай тапшылығы байқалады. Әскери шығыны ұлғайып келеді. Дәл қазір Украина үшін шешуші қадам жасауға қолайлы уақыт. АҚШ НАТО-ға қару-жарақ жеткізуді жалғастырады. Ал оны қалай пайдаланатынын өзі біледі.
Тегтер #Трамп #Еуропа #Украинадағы қақтығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz