Балаңыздың салмағы артса, бірден дәрігерге жүгініңіз. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Себебі баланың семіздігі түрлі дертке душар етеді. Тіпті инсультке әкелуі мүмкін.
Балалар семіздігі дамыған елдерде де эпидемиялық деңгейге жеткен. Халықаралық мамандар осылай деп дабыл қағып жатыр. Себебі жас баланың шамадан тыс салмағы денсаулығына тікелей әсер етеді. «Баланың семіздігі ата-ананың ғана бас ауруы емес. Бұл қоғам болып күресетін дерт»,- дейді.
Айнұр Айыпханова, халықаралық сарапшы:
- Бұл дүниежүзін әлемді жаулап жатқан үлкен проблема. Тіпті қатерлі ісіктің кейбір түрі осы семіздікке байланысты екені дәлелденген. Бұл тек анасының проблемасы емес, баласын дұрыс тамақтандырып, қозғалысын бақылау. Жалпы қоғамның міндеті. ДДСҰ мәліметінше, бұл мәселені шешу үшін жалпы қоғам атсалысуы керек. Мысалы, әкімшілік парктер, жаяу жүретін жолдар салуы керек. Әсіресе, қалалық жерде бұл проблема өсіп барады. Өйткені қалада зиян факторлардың басымшылығы артық.
Ел арасында «Томпақ баланың дені сау» деген теріс түсінік бар. Семіздіктің салдары түрлі дертке душар етеді. Сондықтан дәрігерлер артық салмақ пен семіздікті де ауру деп қарастырады.
Валентина Пицик, балалар дәрігері:
- Баланың семіздікке бой алдырғаны жақсы емес. Бірден маманға жүгініңіздер. Қажетті анализдерді тапсырып, дәрігер ұсынған ем-домды ғана қолданған жөн. Әр 6 ай сайын профилактикалық тексеруден өтіп тұрған абзал. Себебі кейбір аурулар, мысалы, бауырдың майлануы, қант диабеті немесе қатерлі ісік бастапқы кезеңде еш белгі бермеуі мүмкін.
Семіздіктің тұқым қуалауы мүмкін. Тіпті ананың жүкті кезіндегі ас-ауқатың да маңызы зор. Демек бұл да жатырдағы баланың гормондық дамуына тікелей әсер етеді. Бұл үстірт қарайтын мәселе емес. Ас адамның арқауы дегенмен, талғамай жеген тағам 90 түрлі кеселдің бастауы. Мәселен, май, тұз бен қанттың мөлшерін азайтқан абзал.
Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Арман Ақшабаев
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #балалар #семіздік #медицинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz