RU
Толық нұсқаға өту

Азиядағы ең жойқын тайфун Гонконгқа жетті

24.09.2025, 19:10 372

Азиядағы ең жойқын «Рагаса» тайфуны Гонконгқа жетті. Қалада дүлей дауыл тұрып, арты алапат тасқынға ұласты.

Соның салдарынан миллиондаған адам зардап шекті. Мамандар қауіп деңгейі жоғары екенін ескертті. Осыған байланысты, Гуандун провинциясынан 2 млн-ға тарта адам эвакуацияланды. 700-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Мектептер мен кәсіпорындар да уақытша жұмысын тоқтатты. «Рагаса» дауылы өткен аптада Тынық мұхитының батысына соқты. Салдарынан Тайуанда 17 адам опат болып, тағы 18 адам ауыр жарақат алған. Сондай-ақ 124 адам із-түссіз жоғалып кетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz