RU
Толық нұсқаға өту

Газа халқы үдере көшуде

24.09.2025, 19:15 475

Газа қаласының тұрғындары орталыққа қарай жаяу көшіп жатыр. Дейр-эль-Балахқа дейінгі жолдың қашықтығы 10-15 шақырымдай.

Алайда көпшілігінің жүгі болғандықтан, жаяу жету қиындық келтіріп тұр. Арнайы транспорттың бағасы шарықтап кеткен. 20 минуттық жолдың құны 1600 АҚШ доллары. Бұл теңгеге шаққанда 870 мыңдай. Мұндай соманы көпшіліктің қалтасы көтермеген соң, біразы жүктерін тастап шыққан. Ал енді бірі керек-жарағын көлігіне немесе велосипедке тиеп діттеген жеріне жетіп жатыр. Ал Израиль шабуылы күннен-күнге үдеп барады. Кейінгі 3 аптада қаладан мыңдаған палестиндік бас сауғалап кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz