RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз өткізді

25.09.2025, 09:50 385

Мәскеу Аляскада Ресей мен АҚШ басшылары айқындаған бағытты ұстануға әзір.

Бұл туралы қос елдің Сыртқы істер министрлерінің басқосуында айтылды. Тараптар БҰҰ Бас ассамблеясы аясында келіссөз жүргізді. Сергей Лавровтың сөзіне қарағанда, Украина мәселесін реттеу үшін оның алғашқы себептерін жою қажет. Ресей Сыртқы істер министрі Киев пен Еуропа елдерінің ұсыныстарына қарсы екенін жеткізді.

«Бұл Украинадағы соғыстың одан әрі созылуына әкеледі», - дейді ол. Ал, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Лавровты қарулы қақтығыстарды доғару үшін нақты әрекет жасауға шақырды. 50 минутқа созылған кездесу жабық есік жағдайында өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz