RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда «Рагаса» дауылы ойран салып жатыр

25.09.2025, 11:13 373

Қала мен елді мекендерде мыңдаған нысан су астында қалды, деп хабарлайды 24kz.

Табиғат апатынан 2 миллионнан аса адам зардап шекті. Көз жұмғандар саны 20-ға жуықтады. Бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. Қазіргі уақытта 100-ден астам тұрғын табылмай жатыр. Елдің оңтүстік аймағында төтенше жағдай жарияланды. Тайфун жолындағы қала мен елді мекендерді жайпап барады. Тайвань, Макао, Гуандун, Хайнань аймақтары қатты жапа шекті. Тұрғын үйлерді су басып, жұрт үдере қашып жатыр. Төтенше жағдайға байланысты әуе рейстері мен теміржол қозғалысы шектелді. Байланыс үзіліп, жарық ажыратылды. Қазір дауыл оңтүстік-батысқа қарай жылжып барады. Кей аймақтарда қауіптің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланып, дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Юньнань, Гуйчжоу, Цзянсу, Фуцзянь өңірлерінде де қауіп артты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz