RU
Толық нұсқаға өту

Қытай ғарышты қоқыстан тазартатын жаңа құрылғы ойлап тапты

25.09.2025, 13:48 444

South China Morning Post дерегінше, қондырғы ғарышқа арнайы капсула жібереді, деп хабарлайды 24kz.

Капсуладан шыққан тор орбитадағы қоқыс қалдықтарын сүзіп алып, атмосфераға жеткізеді. Сөйтіп, ғарыш қалдықтары ауада толық жанып кетеді. Жүйе қуат көзін қажет етпейді. Сарапшылардың айтуынша, орбитада шамамен 35 мыңдай қоқыс нысаны бар. Олардың көбі істен шыққан спутниктер мен зымыран бөлшектері. Жаңа жоба кеңістікте көбейіп келе жатқан ғарыш қалдығын азайтуға мүмкіндік бермек. Ресми деректерге сәйкес орбитаға ең көп қоқыс тастайтын елдер: Ресей, АҚШ және Қытай. Одан кейінгі орындарда Франция, Үндістан және Жапония тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz