RU
Толық нұсқаға өту

Қытай 2030 жылға дейін Айда база орнатуды жоспарлап отыр

25.09.2025, 13:55 365

Бұл жобада Қазақстанның да қомақты үлесі болады, деп хабарлайды 24kz.

Сала білгірі, профессор Өмірзақ Қасымовтың айтуынша Еуразия ұлттық университетімен арада екі келісім бар. Шалғай ғарыш және Айдағы базалар деп аталады. Бұған біздің тараптан тәжірибелі конструкторлық нұсқамалар ұсынылады. Яғни, аталған ғаламшарда энергетикалық қор да мол, минералдар да жеткілікті. Ал, жерде керісінше, кеміп барады. Соны игеру жолдарын екі ел бірлесе іздестіреді. Оның үстіне радиациялық, метеорологиялық қаупін де қаперден шығармау керек. Жанартаулары мен құбылмалы температурасы бар.

Өмірзақ Қасымов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының профессоры:

- Біз соған сәйкес монография дайындап жатырмыз. Көп нәрсе, Ай базасы дейді, ол жерде адам тұратын болу керек. Тіршілік қауіпсіздігі бар. Технологиялық жұмыстар бар. Айдың бетінен су табылды, сол судың бәрін жинау. Мысалы айдың бетінде жүру керек, қимылдау керек. «Лунный ход» дейді, біздің өз варианттарымыз бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz