Мұхиттардан кейінгі әлемдегі ең ірі су қоры – жер астында. Geophysical Research Letters журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, Жер қыртысының алғашқы 10 шақырым тереңдігінде шамамен 43,9 млн текше шақырым су бар.
Салыстырып қарайтын болсақ, Антарктида мұздықтарында оның көлемі 6,5 млн текше шақырым болады. Гренландия аралындағы мұз қалқаны болса 3 млн текше шақырымға жетеді. Ал Жер шарындағы қалған мұздықтардағы судың мөлшері 158 мың текше шақырым. Жалпы біздің ғаламшардағы ең көп су қоры мұхиттарда. Оның мөлшері 1,3 млрд текше шақырым. Зерттеушілер ғаламшардағы су ресурстарының сақталуында жерасты сулары маңызды рөл атқаратынын жазған.
Жерасты суларының мөлшері:
10 шақырым тереңдіктегі су мөлшері - 43,9 млн шақырым
Антарктидада – 6,5 млн шақырым
Гренландияда – 3 млн шақырым
Басқа мұздықтарда – 158 мың шақырым
Мұхиттарда – 1,3 млрд шақырым
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мұхит #суPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz