Әлемдегі балық атаулының үштен бірінен астамы шамадан тыс ауланып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның жаңа баяндамасында айтылды.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай мұхит экожүйелеріне де, азық-түлік қауіпсіздігіне де қауіп. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, бүгінде балық түрлерінің 64,5 пайызы биологиялық тұрғыдан тұрақты деңгейде пайдаланылады. Алайда теңіз балықтарының 35,5 пайызы артық аулаудың салдарынан азайып барады. Бұл құбылыс теңіздегі табиғи тепе-теңдікті бұзып, балық қорының одан әрі сарқылуына әкелуі мүмкін. Жалпы әлем бойынша су жәндігін аулаудың 77,2%-ы ғана биологиялық тұрақты қорлар арқылы жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік теңіз балық қорларының жағдайы (2025 жыл)
64,5% биологиялық тұрақты деңгейде пайдаланылады
35,5% артық аулаумен сипатталады
77,2% биологиялық тұрақты қорларға тиесілі
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #балық #шаруашылық #статистика #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz