RU
Толық нұсқаға өту

Поляк альпинисі әлемдік рекорд орнатты

26.09.2025, 08:06 366

Поляк альпинисі Анджей Баргель әлемдік рекорд орнатты. Ол Эверест шыңына қосымша оттегінсіз көтеріліп, базалық лагерьге дейін шаңғымен түскен тарихтағы алғашқы адам атанды.

37 жастағы спортшы шыңға 16 сағатта жетіп, Оңтүстік асу мен қауіпті Қумбу мұздығын бағындырып, аман-есен оралды. Бұл Баргель үшін алғашқы рекорд емес. Ол 2018 жылы әлемде биіктігі бойынша екінші орындағы К2 шыңынан қосымша оттегінсіз шаңғымен толық түскен тұңғыш спортшы болды. Енді альпинист өз рекордын жаңартып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz