Газа секторындағы халықаралық уақытша билікті Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр басқаруы мүмкін.
«Экономист» басылымының дерегі бойынша, Израиль анклавтағы әскери операцияны аяқтағаннан кейін ол қызметіне кіріспек. Газа секторы мәселесі бойынша бейбіт жоспарды Тони Блэрге тиесілі компания әзірлеп жатыр. Оған АҚШ тапсырыс берген. Алайда бұл үшін БҰҰ мандаты қажет. Егер жоспар мақұлданса, Ұлыбританияның бұрынғы үкімет басшысы өңірді басқаруды қадағалайтын кеңеске жетекшілік етеді. Блэрдің кандидатурасын Президент Трамптың күйеу баласы мен арнайы өкілі Стив Уиткофф ұсынған-ды. Алайда араб елдері бұл шешімге қарсы шығуы мүмкін. Өйткені 2003 жылы Блэр АҚШ-тың Иракқа кіруін қолдаған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа #ҰлыбританияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz