ХАМАС кепілге алған тұтқындарды босатамыз. Бұл туралы келісім тақауда жасалады. АҚШ президенті Дональд Трамп бұқаралық құралдары өкілдерімен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.
Ақ үй басшысының айтуына қарағанда ол Таяу Шығыс елдерінің басшыларымен ғана емес, Израиль премьер-министрімен де келіссөз жүргізді. Президент Трамп АҚШ тұтқындарды босатуға және Газадағы ахуалды реттеуге күш салып жатыр. Сондай-ақ Вашингтон Израильге Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алуына жол бермейді деп атап өтті. Ал Сауд Арабиясы Палестина әкімшілігін қолдауға 90 млн доллар бөлетінін жеткізді.
Фейсал бен Фархан әл-Сауд, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі, ханзада:
- Араб және мұсылман елдері президент Трампқа Иордан өзенінің Батыс жағалауын аннексиялау қауіпті екенін және оның тек Газадағы ғана емес, жалпы Таяу Шығысағы тұрақтылыққа қауіп төндіретінін жеткіздік. Мен Ақ үй басшысы араб және мұсылман елдерінің ұстанымын түсінді деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ХАМАС #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz