Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бейресми жиынында Қазақстанның бастамалары жоғары бағаланды.
Сарапшылар ұйым хартиясының қабылдануы мен Астананың оны ратификациялауы маңызды қадам екенін айтты. Басқосу Нью-Йоркте, БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтті. Жиында ұйымның даму жоспары талқыланып, бірнеше өзекті тақырып көтерілді. Атап айтқанда, жетекші университеттердің серіктестік желісін дамыту, алдағы Қаржы саммиті мен Әйелдер кеңесінің қызметі сөз болды. Бүгінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне 28 мемлекет мүше, тағы 10 ел бақылаушы мәртебесіне ие.
Қайрат Сарыбай, Азиядағы Өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы:
- Кеңес мүшелерінің ерен еңбегінің арқасында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қарқынды дами бастады. Ұйым трансформациясының жол картасы бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, Қазақстанның ратификациялауымен хатшылық халықаралық деңгейді иеленді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен, ұйымның қызметкерлері жаңа штаб-пәтерде қызмет ететін болды.
Тегтер #БҰҰ #сарапшыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz