Израиль басып алған Батыс жағалау мен Иордания арасындағы жалғыз шекара бекеті қайта ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Бірақ тек жолаушылар қозғалысы үшін. Алленби бақылау бекеті бір апта бұрын екі израильдік сарбаздың өлімінен кейін жабылған болатын. Осы аптаның басында Израиль билігі шекараны бір ашып, қайта жапты. Бекет Батыс жағалаудағы палестиналықтардың өзге мемлекет аумағына шығатын жалғыз жолы. Сондай-ақ пункт арқылы Газа секторы үшін гуманитарлық көмек тасымалданады. Алайда қазір мұнда жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған.
Тегтер #Израиль #Иордания #шекара бекетіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz