Ұлыбританияда қызметкерлер үшін міндетті цифрлық жеке куәліктер енгізіледі.
Бұл туралы Премьер-министр Кир Стармер мәлімдеді. Ол мұны заңсыз иммиграцияны тежеу шарасы деп түсіндірді. Тың бастаманы ел тұрғындарының біраз бөлігі қолдағанымен, алаңдаушылық білдіріп жатқан азаматтар да аз емес. Айта кету керек, жұмысқа орналасатын қызметкерлер үшін жеке куәлік енгізу тәжірибесі Еуропаның бірқатар елінде қолданылады.
Леон Уайт, Лондон тұрғыны:
- Азаматтардың бостандығына қатысты алаңдаймын. Бұл шара қалай жүзеге асады, тиімді бола ма, адамдар қандай таңдау жасауға мәжбүр болады - менің уайымым осы. Бұл қазіргі жағдайда елге пана іздеп келген иммигранттарға кері әсер етеді. Бірақ олардың еш кінәсі жоқ қой. Сондықтан мен әзірше бұл бастаманы қолдамаймын.
Тегтер #Ұлыбритания #цифрлық #куәлік #24KZ #Кир СтармерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz