Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.
Зілзала 10 шақырым тереңдікте тіркелді. Эпицентрі Ланьчжоу округінен оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзала салдарынан ондаған үйдің қабырғасы сөгіліп, төбесі құлап түскен. Тағы жүздеген тұрғын үйге зақым келді. 7 адам ауыр жарақат алды. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарына 200 маман мен 28 техника жұмылдырылған.
Тегтер #Қытай #жер сілкінісі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz