Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты ұстауға ордер берді, деп хабарлайды 24kz.
Оған қасақана кісі өлтіру, азаптау, жазықсыз адамдарға жала жауып, бас бостандығынан айыру секілді айыптар тағылды. Бұл шағымды 2011 жылдың қарашасында үкіметке қарсы наразылық шерулер кезінде қаза тапқандардың туыстары түсірген. Сот шешімі Интерпол арқылы ордерді халықаралық деңгейде таратуға мүмкіндік береді. Башар Асад былтыр желтоқсанда оппозицияның шабуылынан кейін елден кеткен болатын. Ресейлік БАҚ оның Мәскеуде екенін хабарлады. Оның орнына Ахмед аш-Шараа президент болды. Елде 5 қазан күні Асад билігі құлағаннан кейінгі алғашқы парламент сайлауы өтпек.
Тегтер #Сирия #сот #Башар Асад #ордер #халықаралық іздеу #интерпол
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz