АҚШ-тың Мичиган штатындағы Мормон шіркеуінде оқ атылып, 4 адам қаза болды. Тағы 8 адам ауруханаға түсті.
Бұл жайлы өңірдің жергілікті полициясы хабарлады. Олардың айтуынша, күдікті алдымен ғимарат алдындағы көлікті соғып, діни мінәжатқа келген адамдарға оқ жаудырып, кейін шіркеуге от қойған. Оқиға орнына жеткен офицерлер қаскөйдің сол мезетте көзін жойған. Ғибадат орны түгелдей жанып кетті. Құзырлы органдар: «Құрбандардың саны әлі де артуы мүмкін», - дейді. Тергеу жалғасып жатыр.
Уильям Ренье, полиция бастығы:
Күдікті Бертон қаласының 40 жастағы тұрғыны Томас Джейкоб Сэнфорд – бұрын Ирактағы соғысқа қатысқан ардагер. Оқтан жараланған 10 адамның бірі ауруханада көз жұмды. Жеті науқастың жағдайы тұрақты, біреуі ауыр халде. Күдікті қаза тапты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #қақтығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz