RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Италия тауар айналымы $10,1 млрд құрады

29.09.2025, 08:02 408

Қазақстанның мұнайын тұтынып отырған елдің бірі - Италия. Бұл ел бұрнағы жылға қарағанда былтыр қара алтын импортын еселеп арттырған еді. 

Бірақ биыл азайған. Дегенмен бұл мәселе шешімін табуға тиіс. Себебі дәл бүгін елге Италия президенті Серджо Маттареллоның ресми сапары басталады. Бұл Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық ынтымақтастығының нығая түсетінін көрсетеді. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 30 жылдан асты.

2025 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткіш бойынша сауда айналымы 10,1 млрд доллар. Оның негізгі бөлігі - Қазақстан экспорты. Мұның шамамен 97 пайызы шикі мұнай, қалғаны - алюминий, бидай және ферроқорытпа.

Италиядан 690 млн доллар көлемінде өнімдер импортталған. Бұлар негізінен дәрі-дәрмек, құбыр, өндірістік жабдықтар азық-түлік өнімдері және зергерлік бұйымдар.

1) Тауар айналымы 10,1 млрд доллар

Экспорт 9,4 млрд доллар

Шикі мұнай 9,1 млрд доллар

Алюминий 136,7 млн доллар

Бидай 96,2 млн доллар

Ферроқорытпа 36,5 млн доллар

Тас көмір 21,9 млн доллар

Бұршақ дақылдары 6,7 млн доллар

2) Импорт 690 млн доллар

Дәрілік заттар 53,2 млн доллар

Өндірістік жабдықтар мен құбыр 122,8 млн доллар

Азық-түлік өнімдері 19,8 млн доллар

Арнайы мақсаттағы машиналар мен механикалық құрылғылар 18 млн доллар

Зергерлік бұйымдар 17,3 млн доллар

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz