RU
Толық нұсқаға өту

Вьетнамда тайфуннан 12 адам көз жұмды

29.09.2025, 14:18 323

Вьетнамды әлекке салған Буалой тайфунынан 12 адам көз жұмды. Тағы 17 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті.

Күші сағатына 133 шақырымға жететін дауыл мен қатты жауын салдарынан Хатинь провинциясындағы көшелерді су басты. Электр бағаналары қирап, ағаштар құлады. Бірқатар ғимарат шатырсыз қалды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Дананг қаласынан 210 мыңнан астам адам, ал Хюэ қаласынан 32 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жоспарланып отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz