Келер жылға қарай қоғамдық көлік қозғалысы 471 миллионнан 2,2 миллиардқа артуы мүмкін.
Есесіне жеңіл көлік қозғалысы 5 есе азаяды. «Оған көліктің көптігі мен кептеліс себеп», - дейді шетелдік сарапшылар. Бұл деректі Біріккен ұлттар ұйыма да қостайды. Ұйым келтірген мәліметке сүйенсек, жеңіл көліктен гөрі қоғамдық көлікті пайдалану арқылы ауаға таралатын көмірқышқыл газы 2,2 тоннаға қысқарады екен. Жалпы көлік мәселесі, кептеліс қазірде мегаполистердің бас ауруына айналған. Мұны шешудің оңтайлы жолы ретінде бірқатар ел жерүсті, жерасты жолдарында метролар тұрғызған. Бұл қаншалықты тиімді?
Кейінгі 15 жылда әлемде 80-нен астам жерасты және жерүсті жобасы жүзеге асқан. Деректерге сүйенсек, жерүсті рельстерін дамыту арқылы көмірқышқыл газының көлемі 10 тоннаға дейін азайған. Өйткені жеңіл көлік қозғалысы 7-10%-ке кеміген. Сондай-ақ қоғамдық көлік түрінде, жерасты метроларына қарағанда бағасы әлдеқайда арзан. Сонымен бірге экологияға әсері, жылдамдығы жағынан әлемде сұранысқа ие жүйе болып отыр.
Әлемде кептеліс мәселесі Американың бас ауруына айналған. Көлік көп. Ал қоғамдық көлік жүретін желілердің дені ескірген. Жалпы алғашқы жерүсті метролары осы АҚШ-та пайда болған. Ең танымалы Чикагодағы L жүйесі. Станциядары қала көшелерінің үстінде орналасқан. Сөйтіп жердегі көлік қозғалысына кедергі жасамайды. Бұл жолдар станциялармен жабдықталған, эскалаторлар мен жеделсатылары бар. Қала ортасында жылдамдықты асыруға болмайды. Десе де, басқа көлік түрлеріне қарағанда қауіпсіз әрі бағасы жағынан да тиімді.
Қытайда пойыздар әуеде, метролар көпқабатты ғимараттардың ішімен жүре береді. Осыдан 2 жыл бұрын әлемдегі алғашқы аспалы теміржол жұмысын бастаған. Оның ұзындығы 800 метр, жер бетінен 10 метр биіктікте орналасқан. Механизм үздіксіз магнит өрісі негізінде жұмыс істейді және 88 жолаушыға арналған құраманы көтере алады. Зерттеушілердің айтуынша, пойыз қозғалысы үшін үйкеліс болмаған жағдайда аздаған электр энергиясы жеткілікті. Ал қазір елдің шағын және ірі қаларында жерүсті көлік жүйелері салынып жатыр. «Себебі оның құрылысы жылдам әрі арзан», - дейді мамандар. Бірақ Бейжің, Шанхай сияқты қалаларда метро негізінен жер астында орналасқан.
Авторы: Фариза Жанғанаева
Тегтер #АҚШ #ҚытайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz