АҚШ Сенаты федералдық шығыстарды қаржыландыруға арналған екі заң жобасын да қабылдамады, деп хабарлайды 24kz.
Бүгіннен бастап елде шатдаун басталады – яғни мемлекеттік құрылымдар жұмысын уақытша тоқтатады. Барлық мекемелер емес, тек кейбірінің қызметі үзіліске кетеді. Сенат алдымен демократтардың, кейін республикалықтардың нұсқасын қарағанымен, екеуі де жеткілікті дауыс жинай алмады. Ақ үйдің Басқару және бюджет басқармасы арнайы меморандум жариялап, шатдаунды ресми түрде растады. Құжатта жауапкершілік демократтарға артылған. Меморандумға сәйкес шатдаунға іліккен мекемелер енді ортақ іс-қимыл жоспарын енгізуі тиіс. Әскер, төтенше қызметтер мен денсаулық сақтау сияқты маңызды салалар үзіліске қарамастан жұмысын жалғастыра береді.
Тегтер #АҚШ #шатдаун #заң жобасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz