Мароккода жастар бесінші күн қатарынан наразылыққа шығып жатыр. Олар мектеп пен ауруханаға ақша жетпей жатқанда, үкіметтің футболға миллиардтаған қаржы құйғанына қарсы.
Наразылық Рабат маңындағы Сале қаласынан бастап елдің басқа өңірлеріне де тарады. Жастар көліктерді, банктерді, дүкендерді өртеп, терезелерді сындырған. Шеру полициямен қақтығыстарға ұласты. Билік спорт нысандары әлеуметтік қызметтен жоғары қойылмағанын мәлім етті. Алайда аймақтағы толқулар әлі де тоқтамай тұр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Марокко #наразылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz