RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысындағы төрт ауылда өрт сөндіру бекеті ашылды

03.10.2025, 09:00 445

Биыл Ақтөбе облысындағы 4 ауылда өрт сөндіру бекеті ашылды.

Шағын жасақтар шалғайдағы елді мекендерде болатын төтенше жағдайды дер кезінде тойтару үшін құрылған. Жалпы «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында 80 бекет жұмыс істеп тұр. Олар 106 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Әлібек Нәкеш Жиренқопа ауылындағы орта мектепте тарих пәнінен сабақ берген. Кейін білім ордасының басшысы да болған. Бірақ өрт сөндіру бекеті ашылғанда құтқарушылар қатарына алғашқылардың бірі болып жазылыпты. Тосыннан келген тілсіз жаумен күресіп, елге қызмет етуге бел будым дейді.

Әлібек Нәкеш, Жиренқопа өрт сөндіру бекетінің аға өрт сөндірушісі:

- Биылғы жылдың өзінде біз 5 вызовқа шықтық. Ол жекежайлар, шөп жинап қойған, малдың қысқы азығы деген сияқты және де дала өртіне шықтық. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына да бардық. Биыл екі рет шықтық. Жігіттер машиналары бұзылып қалып, біреуінің машинасы балшыққа батып қалып соларды шығарған қызметіміз бар. 

Ресей Федерациясымен көрші отырған Жиренқопа ауылына өрт сөндіру бекеті керек. Себебі жаз күндері шекараның арғы жағынан даланы шарпыған жалын жиі келеді. Мұндайда аудан мен облыс орталығынан негізгі құрам жеткенше ауылдағы шағын бекеттің 9 сарбазы бірінші боп іске кіріседі. 

Исламғали Ерекеев, Жиренқопа ауылының тұрғыны:

- Тек өрт сөндіру емес, мына ауылға да жәрдем беріп жатыр басқа шаруаға да. Жақсы шаруашылық, жақсы бастама. Енді оларға үлкен ғимарат керек, үлкен машина керек.

2 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамассыз етіп отырған «Ауыл құтқарушыларында» қажетті жабдықтың бәрі бар. Жүрдек көлігі мен моторлы қайығы, өрт сөндіру құралдары сақадай-сай. Мұндай шағын жасақ көршілес Ақырап ауылында да күнделікті кезекшілікке шығады. 

Болат Мырзағалиев, Ақырап ауылының тұрғыны:

- Су тасқыны уақытында көмек берді ауылдың жігіттер. Күні-түні жүрді. Өрт екібастан енді хабарлассаң жетіп келеді. Жас жігіттер қажырлы, қайратты. Оларға алғыс көп. 

Ауылдық жерлерде азаматтық қорғау инфрақұрылымын дамыту мақсатында төтенше жағдайлар департаменті биыл шағын бекеттерге 24 арнаулы техника табыстаған. 

Айбат Жаңабергенов, облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:

- Біздер осы өрт сөндірушілердің техникалық қауіпсіздігін, өздерінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында аудандық ТЖБ бастықтары әр ай сайын оқу-жаттығу өткізіп тұрамыз. Сонымен қатар осы арнайы техникаларды әкеліп, қаплай су беру керек? қалай өрт сөндіру керек? мәселелері бойынша біз үнемі нұсқаулықтарды жүргізіп отырамыз. 

«Ауылдағы құтқарушылар» қатарында қазір 400 сарбаз қызмет етеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта жаңа жасақтарды құруға мүдделі. Басты мақсат шалғайда жатқан барлық ауылда қауіпсіздікті қамтамассыз ету. 

Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz