RU
Толық нұсқаға өту

Ғарыш саласында әйелдер көбейді

03.10.2025, 14:00 311

Әлемде ғарышқа сапарлап, оны зерттеуге атсалысқан 700 адамның 15%-ын нәзік жандар құрайды.

Алғашқы ғарышкер әйелдің көкке көтерілгеніне биыл 62 жыл. Валентина Терешкова 1963 жылы 100 үміткердің арасынан іріктеліп алынып, кеңістікке аттанды. The New York Times газетінің мәліметінше, қазір әлемде 69 ғарышкер әйел бар. Соның 54-і американдық. Қалғаны Ресей, Канада, Жапония, Қытай және тағы басқа елдердің өкілдері. Өкінішке орай, үш американдық ғарышкер әйел Жерге оралмады. Кейінгі жылдары бұл салада нәзік жандар қарасы артып келеді. SpaceX пен басқа жеке компаниялар да ғарышкер әйелдерді ұшыруды көбейтіп, түрлі экспедицияларға қатысып жатыр. Бұл ғарыш саласында гендерлік теңдік орнатудағы маңызды қадам - дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz