RU
Толық нұсқаға өту

Баламалы энергияның артықшылығы

03.10.2025, 17:43 453

Әлем халқы көбейіп, технологиялар мен өндіріс дамып жатыр. Бұл энергияға сұраныстың күрт өсуіне себеп болды. Дәстүрлі энергия көздері – мұнай, көмір, табиғи газдың мөлшері шектеулі. Оларды көп пайдалану кен қорының сарқылуына әкеледі әрі көмір сияқты ластайтын қуат көздерінен бас тартып, жаңартылған энергияға ауысу уақыт пен инвестицияны талап етеді.

Дегенмен қазір баламалы энергияға көшкен бірқатар ел өзін жарықпен толық қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, Исландия – әлемдегі 100% жаңартылатын энергияны пайдаланатын санаулы елдің бірі. Норвегия – электрдің 95%-ын гидроэлектр станцияларынан алады. Ал Канада – әлемдегі ең ірі энергия экспорттаушы мемлекет. Елде электр қуатының 60%-дан астамы жаңартылатын көздерден өндіріледі. Жапония мен Оңтүстік Корея болса озық технология арқасында энергия жүйесін тұрақты және қауіпсіз етуге қол жеткізген мемлекеттер. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz