Аргентина Сенаты президент Хавьер Милейдің ветоcын осымен үшінші рет кері қайтарды.
Ол екі маңызды заңға қатысты. Бірі – мемлекеттік университеттерді қаржыландыруды қамтамасыз ету болса, енді бірі – педиатр мамандарының жалақы үстемақысын арттырып, жедел қолдау көрсету. Президент бұл оппозицияның ұйымдастырып отырған әрекеті деп айыптады. Ал сарапшылар болса Милейдің парламенттегі ықпалы әлсіз деп топшылады. Аргентинада қазір экономикалық өсім баяулап, халық наразылығы күшейе түсті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Аргентина #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz