RU
Толық нұсқаға өту

Газадағы науқас балалар эвакуацияланды

03.10.2025, 19:15 351

Газа секторындағы ауыр халдегі ондаған науқас бала әл-Хелу ауруханасынан эвакуацияланды. Жағдай Дүниежүзілік Қызыл Крест ұйымының толық бақылауында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, қазір Газадағы 36 аурухананың тек 14-і ғана жұмыс істеп тұр. Ал балаларды шұғыл қауіпсіз жерге көшірмесе болмайды. Өйткені Изарильдің шабуылы үдеп барады. Кейінгі бір тәулікте 41 адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жарақат алды. Шаһардан аймақтың оңтүстігі мен орталық бөлігіне бас сауғалап қашқан тұрғындар көбейді. Ал ХАМАС АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған соғысты тоқтату жоспарына  ресми жауап бермей, кей тармақтарын қайта қарауды талап етті. Айта кетейік, Газада соғыс басталғалы қаза тапқан палестиналықтардың саны 66 мыңнан асты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz