RU
Толық нұсқаға өту

Балқан түбегінде мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

03.10.2025, 23:08 450

Балқан түбегінде мыңдаған тұрғын жарықсыз, сусыз қалды. Сербия мен Боснияның таулы аймақтарында қалың қар жауып, электр желілері үзілген.

Бірқатар аймақта төтенше жағдай жарияланды. Биыл өңірге қыс ерте келді. Бір апта бұрын 30 градус ыстық болды. Артынша бірден суып кеткен. Сарапшылар құбылмалы ауа райын жаһандық климат өзгерісімен байланыстырып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz