Вьетнамда «Буалой» дауылынан кемінде 51 адам қаза тапты. 160-тан астам тұрғын ауыр жарақат алды. Тағы 14 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетті. Дауылдың қатты болғаны соншалық 200 мыңнан астам үй су астында қалды. Бұған қоса жолдар, мектептер, әкімшілік ғимараттар және ауылшаруашылық жерлері де зардап шекті. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі келтірілген шығын көлемін 600 млн долларға бағалады. Үкімет зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге бағытталған шаралар қабылдап жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #дауыл #боран #ВьетнамPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz