Израиль билігі кепілге алынған отандастарын босату жөніндегі Газа жоспарының бірінші кезеңін жүзеге асыруға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды 24kz.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесі Израиль соғысты тоқтату үшін Трамппен бірлесіп жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұған дейін ХАМАС Трамп ұсынған жоспардың негізгі бөлігін қолдайтынын жеткізген. Ұйым барлық израильдік тұтқынды босатып, қайтыс болғандардың денесін қайтаруға уәде берді.
Еске салайық, апта басында АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторында бітім орнатуға бағытталған 20 бөлімнен тұратын жоспар ұсынған.
Тегтер #Израиль #Дональд Трамп #Биньямин Нетаньяху #Газа секторы #ХАМАСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz