RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда зілзаланы ерте ескертетін жүйе жасалды

05.10.2025, 09:30 560

Қытайлар зілзала туралы алдын ала хабар беретін жүйе жасап шығарды. Осының арқасында жерасты дүмпулері бастапқы кезеңде анықталады.

Тың жоба жер сілкінісінен 10-20 секунд бұрын автоматты түрде ескерту бере алады. Бұған Қытайдың 16 мыңға жуық мониторинг станциясы жалғанған. Қатер төнсе дабыл халыққа мобильді қосымшалар, смс хабарлама, теледидар және өзге де платформалар арқылы таратылады. Айта кету керек, жүйе іске қосылғалы 359 рет қауіп туралы белгі беріліп алдын ала қорғану шаралары қабылданған. 

Ван Кунь, Қытайдың сейсмологиялық басқармасының басшысы:

- Біз сейсмология саласында ірі ғылыми жетістікке қол жеткіздік. Бұл – әлемдегі ең үлкен жүйе. Қауіпті аймақтардың 90 пайыздан астамын қамтып, бірнеше секунд ішінде хабарлама тарата алады. Осының арқасында миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға болады. Ғылыми түрде жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz