RU
Толық нұсқаға өту

Халқы онлайн қызметті көп пайдаланатын елдер

06.10.2025, 17:50 419

Еуропалық Одақта 16 мен 74 жас аралығындағы азаматтардың 70 пайызы мемлекеттік мекемелердің веб-сайттары мен мобильді қосымшаларын пайдаланады. Бұл Еurostat-тың былтырғы ресми деректері.

Онлайн мемлекеттік қызметтерге ең көп жүгінетін Дания тұрғындары. Онда цифрлық қызметтерді халықтың 98,5 пайызы пайдаланады. Келесі нидерландықтар. Бұл бағытта Нидерланд азаматтарының 96 пайызы белсенді. Үштікті Финляндия түйіндейді. Мұнда мемлекеттік басқарудың онлайн жүйелерін финдардың 95,4 пайызы қолданады. Ал цифрлық қызметтерге аз жүгінетін елдер қатарын Италия, Болгария және Румыния бастап тұр. Италияда мұндай қызметтерді халықтың 55,1 пайызы, Болгарияда 31,5, ал Румынияда 25,3 пайызы ғана пайдаланады. ЕуроОдақ елдерінде цифрландыру үдерісі жалғасып жатыр. Комиссия алдағы жылдары ұйымға мүше мемлекеттерде онлайн мемлекеттік қызметтерді 100 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Халқы онлайн мемлекеттік қызметтерді көп пайдаланатын елдер:

Дания – 98,5%

Нидерланд – 96%

Финляндия – 95.4%

Халқы онлайн мемлекеттік қызметтерді аз пайдаланатын елдер:

Италия – 55,1%

Болгария – 31.5%

Румыния – 25.3% 

Дереккөз: Еurostat

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz