Газа секторында Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы атысты тоқтату режимі күшіне енді.
Бұл туралы УайНэт ((Ynet)) басылымы хабарлады. Ондағы алдағы демалыс күндерінен бастап ХАМАС Газа секторының 70 пайызын қайта бақылауына алатыны жазылған. Ал Израильдің Қорғаныс армиясы аймақтан әскерін кезең-кезеңімен шығарады. Сондай-ақ Израиль түрмелерінен 2 мыңнан астам палестиналық тұтқын босатылады. Олардың арасында өмір бойына сотталған 250 адам бар. ХАМАС өз кезегінде аман қалған израильдік тұтқындарды 72 сағат ішінде босатуы тиіс. Келісім аясында Газа шекарасында гуманитарлық көмекті жеткізу үшін 5 бекет ашылады.
Тегтер #Газа секторы #атысты тоқтату #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz