Нью-Йорк қаласының билігі Meta, Google, ByteDancе және басқа да ірі технологиялық компанияларға қарсы 327 беттен тұратын сот ісін қозғады.
Билік TikTok, Instagram, Snapchat сынды платформалар балаларды тәуелді етіп, денсаулықтарына қауіп төндірді деп айыптап отыр. Арызда жастардың 77%-дан астамы күн сайын экран алдында үш сағаттан артық уақыт өткізетіні айтылған. Алайда Google өкілдері YouTube-ты әлеуметтік желі емес екенін айтып тағылған айыптарды мойындамады. Басқа компаниялар әзірге пікір білдірмеді.
Тегтер #АҚШ #Нью Йорк #әлеуметтік желі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz